Авторландыру

Логин:
Құпия сөз:

Егер сіз әлі тіркелмесеңіз тіркеу нысанына өтіңіз

Қалаулыға қосу
 
Ұлттық қорғаныс университеті бастығының блогі

Сурет галереясы

ОТКРЫТИЕ НОВОГО КОМПЛЕКСА НАЦИОНАЛЬНОГО УНИВЕРСИТЕТА ОБОРОНЫ В г. АСТАНЕ
Международное сотрудничество
Официальный визит депутатов Парламента во главе с Даригой Назарбаевой в Национальный университет обороны
ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ Черезвычайный и Полномоченный Посол Китайской Народной Республики в РК с лекцией на тему «Общая ситауция в мире и сегодняшнее развитие Китая», 2018 г.
генерал-лейтенант А.П ЛАПИН Командующий войсками Центрального военного округа Вооруженных Сил Российской Федерации лекция на тему: «Планирование и результаты операции Военно-космических сил России в Сирийской Арабской Республике», 2018 г.
вице-адмирал БЕН БЕККЕРИНГ Военный представитель Нидерландов в НАТО и ЕС лекция на тему «Опыт Нидерландов по участию в миротворческих операциях НАТО и ООН», 2017 г.
генерал-лейтенант ЧАРЛЬЗ БРАУН Заместитель командующего ЦЕНТКОМ США визит с лекцией на тему: «Опыт операций Центрального Командования США», 2017 г.
Л.Г. ИВАШОВ Президент Академии геополитических проблем, действительный член Академии национальной безопасности РФ, доктор исторических наук, профессор кафедры международной журналистики Московского государственного института международных отношений
генерал-лейтенант МАЙКЛ ГАРРЕТ Командующий Сухопутным компонентом Центрального командования ВС США с лекцией на тему «Планирование мультинациональных военных операций», 2016 г.
С.Ф. ВИКУЛОВ Президент Академии проблем военной экономики и финансов прочитал лекцию на тему «Военная экономика», 2016 г.

Бейнематериалдар

Фильм о Национальном университете обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

Ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 6 мамырдағы №93 бұйрығымен құрылған, оған Қарулы Күштердің құрылысы саласында әскери теориялық, арнайы зерттеулер жүргізу, Қарулы Күштердің түрлерін қамтамасыз етудің әскери-техникалық бағдарламаларын және олардың инфрақұрылымын әзірлеу міндеті жүктелген.

Әскери-ғылыми орталық Әскери академия жанынан Қорғаныс министрлігінің ғылыми мекемесі ретінде департамент құқығында құрылған, және де заң мәртебесі, дербес теңгерімі, есептік және өзге де есептері, мөрі, мөртабаны бар. Академия құрамында Орталықты құру мақсаты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бар ғылыми әлеуетті топтау, Әскери академияның профессорлық-оқытушылар құрамын, адъюнкттерді және тыңдаушыларды қолданбалы және іргелі зерттеулерге тарту болды.

2003 жылдан бастап Әскери-ғылыми орталық «10234 әскери бөлімінің жарғысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 14 желтоқсандағы №414 бұйрығына сәйкес Ғылыми орталық болып қайта құрылып, құрылымдық бөлімше ретінде Ұлттық қорғаныс университетінің құрамына кірді.

2014 жылдан бастап ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми орталығы ҰҚУ Ғылыми-зерттеу институты деп өзгертілді.

Ғылыми-зерттеу институты- перспективалық және жылдық ғылыми жұмыс жоспарларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыстарды орындайтын университеттің негізгі құрылымдық бөлімшесі.

Ғылыми-зерттеу институтының басқармалары:

  • Ғылыми жұмысты жоспарлау және талдау басқармасы

  • Әскери өнерді зерттеу басқармасы

  • Әскери тарих, оқыту және тәрбиелеу проблемаларын зерттеу басқармасы

  • Қару-жарақ пен әскери техника саласында арнайы зерттеулер басқармасы.

Ғылыми жұмыс басшылық құжаттарына сәйкес ұйымдастырылған:

  • 2011 жылғы 18 ақпандағы №407 «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  • «ҚР ҚК ғылыми жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаманы бекіту туралы» ҚР ҚМ 2011.13.09.№ 376 бұйрығы.

  • «ҚР ҚК ғылыми жұмысты жетілдіру туралы» ҚР ҚМ 2007.20.09. №268 бұйрығы.

  • «ҚР ҚК 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми жұмысының перспективалық жоспарын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2012.17.10. №741 қбпү бұйрығы.

  • «Әскери ғылымның даму стратегиясы» ҚР ҚМ 2012 жылғы 17 қаңтардағы №23 қбпү бұйрығы;

  • МЕМСТ 15.101.-98.«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау тәртібі»

  • МЕМСТ 7.32-2001. «Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Құрылымы және ресімдеу ережелері»

  • ҚР МЕМСТ 5.03.011-2006. «Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмысы».

  • ҚР МЕМСТ 5.01.024-2008 Стандарт 7. «Ғылыми –зерттеу жұмысы».

  • ҚР МЕМСТ 5.03.014-2006. «Жоғары кәсіби білім. ЖОО-лардың оқу және ғылыми зертханалары. Негізгі ережелер»

Университеттегі ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары мен міндеттері келесі бағыттар бойынша ҚР ҚМ мемлекеттік тапсырыстарын орындау болып табылады:

  • жалпы тактика (бригада деңгейі) және оперативтік өнер (ӨңҚ, әскер тектері, Қарулы Күштердің түрлері) бойынша әскери өнер, жауынгерлік іс-қимылдар мен операцияларды дайындау және жүргізу мәселелерін зерттеу;

  • әскери оқыту және тәрбиелеу, әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен күнделікті қызметін ұйымдастыру проблемаларын, гуманитарлық (жаратылыстану) ғылымдарының әскери проблематикаларын зерттеу;

  • қару-жарақ пен әскери техника саласында әскери-арнайы зерттеулер жүргізу;

  • әскери тарих, әскери өнер тарихы, Қарулы Күштердің құрылысы және даму тарихы, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін қарулы күрестің құралдары мен тәсілдерінің даму перспективаларын ескере отырып арттыру проблемалары бойынша зерттеулер орындау.

Университеттегі ғылыми жұмыстың негізгі түрлері:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары (тапсырыстар, бастамашылық бойынша);

  • тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (кәсіпорындармен және ҚӨК ғылыми ұйымдармен бірлесіп қатысу);

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

  • оқу-жаттығулардағы, жауынгерлік, оперативтік, жұмылдыру дайындығы іс-шараларындағы, әскерлер мен штабтардың күнделікті іс-әрекетіндегі, қару-жарақ, әскери техника, әскери мүлік көрмелеріндегі зерттеулер;

  • ғылыми еңбектер әзірлеу (монографиялар, ұсыныстар, ғылыми-зерттеу жұмыс туралы есептер, ғылыми баяндамалар, мақалалар, (хабарламалар), оқу және әдістемелік құралдар (оқулықтар), энциклопедиялар (сөздіктер);

  • ғылыми-зерттеу жұмысына рецензия, қорытынды беру, ғылыми еңбек;

  • ғылыми конференциялар, мәжілістер, семинарлар өткізу;

  • ғылыми конкурстар және байқаулар өткізу;

  • магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету, кеңес беру және оппоненттеу;

  • докторанттарға ғылыми дәреже беруде диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысу;

  • ғылыми еңбектерді, конференция материалдарының (форумдардың, семинарлардың, мәжілістердің) жинақтарын басылымға дайындау бойынша редакциялық-баспа қызметі;

  • қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін әзірлеу, жасау, жаңарту және сыннан өткізу бойынша өнеркәсіп жұмыстарын әскери-техникалық сараптау;

  • өнертапқыштық жұмыстары.

2014 жылы өткізілді:

  • «ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Әскери ғылым академиясының толық мүшесі, ә.ғ.д., профессор, отставкадағы п-к Ким Серікбайұлы Серікбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әскери білім мен әскери ғылымның өзекті проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция- 2014 жылғы 22 қаңтар;

  • «Арнайы операцияларда жауынгерлік әрекеттердің тәсілдері мен нысанын дамыту» атты ғылыми-практикалық конференция - 2014 жылғы 27 наурыз;

  • «Тылдық қамтамасыз ету бойынша техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезінде ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өзара іс-қимылы» атты ғылыми-практикалық конференция - 2014 жылғы 18 сәуір;

  • «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бірыңғай геоақпараттық жүйесі: бар проблемалары және оларды шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық конференция- 2014 жылғы 25 сәуір;

  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы түрлерімен жарақтандыру: оны дамыту проблемалары және перспективалары» атты Халықаралық әскери техникалық конференция -2014 жылғы 22-23 мамыр;

  • «Ұлттық қорғаныс университеті әскери қызметшілерінің дене дайындығы деңгейі, проблемалары және оларды шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық конференция- 2014 жылғы 29 мамыр;

  • «Армия генералы С.К.Нұрмағамбетовтың әскери борышын өтеу үлгісінде қазақстандық офицер тұлғасын тәрбиелеу» атты Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтың 90- жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция»- 2014 жылғы 30 мамыр;

  • «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында әскери білім және әскери ғылым» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция - 2014 жылғы 4 шілде;

  • «ҰҚУ-дегі оқыту сапасын арттыру проблемалары және оларды шешу жолдары» атты ғылыми семинар - 2014 жылғы 24 қыркүйек.

# # # # # #