Авторландыру

Логин:
Құпия сөз:

Егер сіз әлі тіркелмесеңіз тіркеу нысанына өтіңіз

Қалаулыға қосу
 
Ұлттық қорғаныс университеті бастығының блогі

Сурет галереясы

ОТКРЫТИЕ НОВОГО КОМПЛЕКСА НАЦИОНАЛЬНОГО УНИВЕРСИТЕТА ОБОРОНЫ В г. АСТАНЕ
Международное сотрудничество
Официальный визит депутатов Парламента во главе с Даригой Назарбаевой в Национальный университет обороны
ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ Черезвычайный и Полномоченный Посол Китайской Народной Республики в РК с лекцией на тему «Общая ситауция в мире и сегодняшнее развитие Китая», 2018 г.
генерал-лейтенант А.П ЛАПИН Командующий войсками Центрального военного округа Вооруженных Сил Российской Федерации лекция на тему: «Планирование и результаты операции Военно-космических сил России в Сирийской Арабской Республике», 2018 г.
вице-адмирал БЕН БЕККЕРИНГ Военный представитель Нидерландов в НАТО и ЕС лекция на тему «Опыт Нидерландов по участию в миротворческих операциях НАТО и ООН», 2017 г.
генерал-лейтенант ЧАРЛЬЗ БРАУН Заместитель командующего ЦЕНТКОМ США визит с лекцией на тему: «Опыт операций Центрального Командования США», 2017 г.
Л.Г. ИВАШОВ Президент Академии геополитических проблем, действительный член Академии национальной безопасности РФ, доктор исторических наук, профессор кафедры международной журналистики Московского государственного института международных отношений
генерал-лейтенант МАЙКЛ ГАРРЕТ Командующий Сухопутным компонентом Центрального командования ВС США с лекцией на тему «Планирование мультинациональных военных операций», 2016 г.
С.Ф. ВИКУЛОВ Президент Академии проблем военной экономики и финансов прочитал лекцию на тему «Военная экономика», 2016 г.

Бейнематериалдар

Фильм о Национальном университете обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2016 жылғы  22 қаңтардағы           

№ 35 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау

қағидалары

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі,  «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы
7 қаңтардағы
, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға  қабылдау тәртібін айқындайды.

 

 

2.     Жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі

 

 

§ 1 параграф. Жалпы орта білімнің  жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі

 

2. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орындары – «Жас ұлан» республикалық мектептеріне (бұдан әрі – Мектептер) оқуға түсетін жылы он бес жастан жас емес, оқуға түсетін жылы орта білім беретін ұйымның
9 (10) сыныбын аяқтаған және негізгі орта білімі туралы куәлік алған
Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматтары қабылданады.

Қабылдау ҚР ҚМ-ның Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД) әзірлейтін оқуға қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

§ 2 параграф. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына құжаттарды ұсыну тәртібі

 

3.  Мектепке түсуші қабылдау жылының 5 – 15 тамызын қоса алғандағы кезеңде ата-аналарымен (қамқоршыларымен, заңды өкілдерімен) келеді, олар қабылдау туралы өтініш береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мектепке түсушілерге ұсынылатын Құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса тіркейді.

Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді. 

4. Жетім балалар және олардың ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, еңбекке жарамсыз (шектеулі еңбекке жарамды) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартуына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартқанына байланысты ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-ана қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларында қосымша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ата-ана қамқорлығының болмауы дәйегін растайтын кұжаттардың бірінің түпнұсқасын және оның көшірмесін ұсынады. 

5. Әскери қызметшілердің балалары қосымша ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын кұжаттардың бірін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынады.

6. Мектепке қабылдау қабылдау жылының 15 – 26 тамызын қоса алғандағы кезеңінде конкурстық негізде мынадай төрт кезеңде жүзеге асырылады:

1)  І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

2) ІІ кезең – «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) айқындалған нормативтер бойынша дене дайындығын тексеру;

3) ІІІ кезең – «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде
Әскери-дәрігерлік сараптамалар жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына сәйкес
(бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары) медициналық куәландыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген);

4) IV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

7. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

8. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы Мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

9. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі                               № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) дене тәрбиесі бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.

 

 

§ 3 параграф. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру  бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына

қабылдау тәртібі

 

10. Конкурстық іріктеу ең жоғары және ең төменгі рейтингілік
балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау жылының 25 тамызында жүргізеді. Мектепке рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға
түсушілер қабылданады. Қабылдау комиссиясының шешімі мектептің бақылау-өткізу пунктінде оқуға түсу жылының 26 тамызында сағат 10.00-ге дейін ілінеді.

Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Мектептің кадрлар бөлімі қабылдау жылының 26 тамызында Мектеп бастығының бұйрығын шығарады.

11. Әскери қызметшілердің, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын пайдаланады.

12. БҒД Мектепке рейтингілік балды есептеу кестесін оқуға қабылдау жылының 15 тамызына дейін жолдайды.

13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының бастықтары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін БҒД-ға оқуға қабылдау жылының
1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін өз өкілдері жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

14. Мектеп бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы, Мектеп бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.

15. Қабылдау комиссиясының құрамы комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады. Шешім қабылдау комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

16. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясы төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

17. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші сол күні қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш жазады.

Хаттамамен ресімделген өтініш мәні жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

18. Оқуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 30 тамызына дейін оқуға түскендердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып БҒД-ға ұсынылады.

 

 

3.     Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру

                 бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға

                                     қабылдау тәртібі

 

 

§ 1 параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі

 

         19. Техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орны – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына (бұдан әрі – Кадет корпусы):

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан үлкен емес азаматтар;

2) әскери қызмет өткерген азаматтар және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер;

3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер оқуға түседі.

         20. Оқуға түсушілер Кадет корпусының қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді. 

21. Жетім балалар және олардың ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп туралы жариялануына, еңбекке жарамсыз (шектеулі еңбекке жарамды) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартуына, оның ішінде
ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартқанына байланысты ата-анасының біреуінің немесе екеуінің
де қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-ана қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларында қосымша
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ата-ана қамқорлығының болмауы дәйегін растайтын кұжаттардың бірінің түпнұсқасын және оның көшірмесін ұсынады. 

22. Әскери қызметшілердің балалары қосымша ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын кұжаттардың бірін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынады.

 

 

§ 2 параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім  
беру бағдарламаларын
іске асыратын әскери оқу орнына
қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

 

23. Әскери қызметшілер тарапынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлім командирінің атына қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін оған оқу демалысын беру туралы баянат жазады.

Әскери бөлімнің командирі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының
7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.5 орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілерге оқу демалысы беріледі және олар қабылдау жылының
25 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.

24. Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бітірушілері  қатарынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін өзінің білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді.

Білім беру ұйымының басшысы мыналар:

1)       ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру;

2)  Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту;

3)  Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыру;

4)  кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру;

5)  дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру жұмыстарды ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, аттестаттың кемінде 3.5 орташа балы бар бітірушілер комиссияға
кәсіби-психологиялық тестілеу мен дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады. Оларды тапсыру нәтижелері қабылдаудың І және ІІ кезеңдерінің нәтижелері болып табылады.

Қабылдаудың ІІ кезеңінен өткен бітіруші қабылдаудың ІІІ кезеңінен өту үшін қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.

25. Азаматтар қатарынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығының атына өтініш береді.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.5 орташа балы бар білімі туралы құжаты бар  оқуға түсушілер қабылдау жылының 20 шілдесін қоса алғанда Кадет корпусына келеді.

26. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағына орналастырылады және Бейбіт уақытқа арналған «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін
азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және
азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары)  бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

27. Кадет корпусына қабылдау мынадай ретпен жүзеге асырылады:

1) бастапқы іріктеу кезеңі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру және ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу (өтініш (баянат) беру орны бойынша);

2) І кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде Кадет корпусында өткізілетін алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу;

3) ІІ кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде дене дайындығын тексеру;

4) ІІІ кезең – қабылдау жылының 1 – 10 тамызды қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

5) ІV кезең – қабылдау жылының 11-19 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу;

6) V кезең – қабылдау жылының 20-21 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

28. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

29. Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы Кадет корпусының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер  кезеңнен өтпеген болып саналады.

30. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеру мынадай дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:

әскери қызметшілер үшін – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген);

азаматтар үшін – «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына сәйкес  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) және оны қабылдау комиссиясы Кадет корпусының дене дайындығы және спорт жөніндегі оқытушыларымен, нұсқаушыларымен бірлесіп жүргізеді. Барлық жаттығулар үшін бағалар сомасы бойынша 9 балдан төмен жинаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

31. Оқуға түсішілерді түпкілікті медициналық куәландыру Кадет корпусына денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының бұйрығы негізінде құрылған медициналық комиссия жүргізеді. 

32. Қабылдаудың үшінші кезеңінен өткен оқуға түсушілер ең жоғары және ең төмен рейтингілік балға дейін құрылатын рейтингіге сәйкес төртінші кезеңге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының
10 тамызына дейін өткізеді. Рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспарынан 5-10 %-дан асатын санға сәйкес келетін нөмірге дейінгі оқуға түсушілер жіберіледі.

БҒД рейтингілік балды есептеу кестесін Кадет корпусына оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін жібереді.

33. Оқуға түсушілерді түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу лагерьлік жиыннан өтуді қамтиды және қабылдау жылының 11 – 19 тамызын қоса алғандағы кезеңде сұхбаттасу түрінде жүргізіледі.

34. Конкурстық іріктеу  қабылдаудың төртінші кезеңін ескере отырып, рейтингті түзетуді қамтиды және 20 тамызда жүргізіледі.

 

 

§ 3 параграф. Техникалық және кәсіптік  білімнің жалпы
білім беру  бағдарламасын
іске асыратын әскери
оқу орнына қабылдау тәртібі

 

Кадет корпусына рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

Кадет корпусы қабылдау комиссиясының шешімі осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-өткізу пунктінде қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін ілінеді.

Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі негізінде  Кадет корпусының кадрлар бөлімі қабылдау жылының 21 тамызында Кадет корпусы бастығының бұйрығын шығарады.

35. Конкурс нәтижелері бойынша тең көрсеткіштер болған жағдайда Кадет корпусында оқитындардың құрамына қабылдануға мыналарға:

«Жас ұлан» республикалық мектептерінің бітірушілеріне;

әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне;

әскери қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызметін өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балаларына басым құқық беріледі.

36. Кадет корпусына оқуға қабылданған, қабылдау күніне 18 жасқа толмаған оқуға түсуші және оның ата-аналары (қамқоршылары, заңды өкілдері) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
5-бабының 24) тармақшасына сәйкес Кадет корпусының бастығымен  білім беру қызметін көрсету шартын (бұдан әрі – Білім беру қызметін көрсету шарты) жасасады.

37. Кадет корпусына оқуға қабылданған, қабылдау күні 18 жасқа толған оқуға түсуші «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген нысан бойынша Кадет корпусының бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт) жасасады.

38. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін Кадет корпусының бастығы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы БҒД-ға оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына енгізу үшін өкілдер жөніндегі мәліметтерді  ұсынады.

39 Кадет корпусының бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы, Кадет корпусы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.

40. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешім қабылдау комиссиясы мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

41. Қабылдау  комиссиясының  отырыстары  қабылдау  комиссиясы төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

42. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші сол күні қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш жазады.

43. Хаттамамен  ресімделген  өтініш  мәні  жөніндегі  қабылдау комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

44. Оқуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 25 тамызына дейін оқуға түскендердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып БҒД-ға ұсынылады.

45. Кадет корпусының кадрлар органы 10 жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмелер жібереді.

 

 

3.     Жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын

әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі

 

 

§ 1 параграф. Жоғарғы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі

46. Жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ЖӘОО) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес азаматтар оқуға түседі.

47. Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес ЖӘОО-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесін ұсынады.

Қабылдау комиссиясына құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді. 

48. Жетім балалар және олардың ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, еңбекке жарамсыз (шектеулі еңбекке жарамды) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартуына, оның ішінде
ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартқанына байланысты ата-анасының біреуінің немесе екеуінің
де қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-ана қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларында қосымша
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ата-ана қамқорлығының болмауы дәйегін растайтын кұжаттардың бірінің түпнұсқасын және оның көшірмесін ұсынады. 

49. Әскери қызметшілердің балалары қосымша ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын кұжаттардың бірін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынады.

 

 

§ 2 параграф. Жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

 

50. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші ЖӘОО-ға оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлімнің командирі атына оған қабылдау жылының 1 шілдесінен бастап оқу демалысын беру туралы баянат жазады.

Әскери бөлімнің командирі  ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру  және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен және оқуға жарамдылығы туралы медициналық қорытынды алған жағдайда оқуға түсушіге қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пунктінде талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі – ТКТ) тапсыру үшін оқу демалысы беріледі.

ҰБТ-ның төрт пәні бойынша кемінде 50 балл (математикадан кемінде
10 балл) жинаған оқуға түсушілер қабылдау жылының 26 шілдесіне дейін ЖӘОО-ға келеді, ЖӘОО-ның аумағына орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

51. Мектептің және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бітірушілері қатарынан оқуға түсуші ЖӘОО-ға оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін өзінің білім беру ұйымының басшысы атына өтініш жазады.

Білім беру ұйымының  басшысы:

1)    ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру;

2)           Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру жүргізу;

3)    ҰБТ тапсыру;

4)    кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру;

5)                дене дайындығы нормативтерін тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен және денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-да кемінде 50 балл (математикадан кемінде 10 балл) жинаған, кәсіби-психологиялық тестілеуді және Қазақстан Республикасы Қоғаныс министрінің бұйрығымен құрылған комиссияның дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған бітірушілер қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін оқуға қабылдаудың ІІІ кезеңінен өту үшін ЖӘОО-ға келеді.

Кәсіби-психологиялық тестілеу мен дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері І және ІІ қабылдау кезеңінің нәтижелері болып табылады

52. Азаматтар қатарынан оқуға түсуші ЖӘОО-ға оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығының атына өтініш береді.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды,  ҰБТ-да төрт пән бойынша кемінде 50 балл (математикадан кемінде 10 балл) жинаған оқуға түсушілер қабылдау жылының 20 – 23 шілдесін қоса алғандағы кезеңінде ЖӘОО-ға келеді.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды,  ТКТ-да төрт пән бойынша кемінде 50 балл (математикадан кемінде 10 балл) жинаған оқуға түсушілер қабылдау жылының 20 – 26 шілдесін қоса алғандағы кезеңінде ЖӘОО-ға келеді.

53. Оқуға түсушілер ЖӘОО-ның аумағына орналастырылады және қабылдаудың үшінші кезеңінен бастап жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

54. ЖӘОО-ға қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Бастапқы іріктеу кезеңі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру және ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу (өтініш (баянат) беру орны бойынша);

2) І кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңінде ЖӘОО-да өткізілетін алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу;

3) ІІ кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін дене дайындығын тексеру;

4) ІІІ кезең – қабылдау жылының 1 – 10 тамызын қоса алғандағы  кезеңінде Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

5) ІV кезең – қабылдау жылының 11 – 19 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу;

6) V кезең – қабылдау жылының 20 – 21 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

55. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

56. Оқуға түсушілердің кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы ЖӘОО-ның тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізіледі. Алдын ала
кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

57. Оқуға түсушілердің дене дайындығы тексеру дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды мыналарды қамтиды:

әскери қызметшілер үшін – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген);

азаматтар үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген).

58. Оқуға түсішілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша ЖӘОО-да оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының бұйрығы негізінде құрылған медициналық комиссия жүргізеді. 

59. Қабылдаудың үшінші кезеңінен өткен оқуға түсушілер ең жоғары және ең төмен рейтингілік балға дейін құрылатын рейтингіге сәйкес төртінші кезеңге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының
10 тамызына дейін өткізеді. Рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспарынан 5-10 %-дан асатын санға сәйкес келетін нөмірге дейінгі оқуға түсушілер жіберіледі.

БҒД рейтингілік балды есептеу кестесін ЖӘОО-ға оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін жібереді.

60. Оқуға түсушілерді түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу лагерьлік жиыннан өтуді қамтиды және қабылдау жылының 11 – 19 тамызын қоса алғандағы кезеңде сұхбаттасу түрінде жүргізіледі.

61. Конкурстық іріктеу  қабылдаудың төртінші кезеңін ескере отырып, рейтингіні түзетуді қамтиды және оқуға қабылдау жылының 20 тамызында жүргізіледі.

 

 

§ 3 параграф. Жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылдау тәртібі

 

ЖӘОО-ға рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

Қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының                               21 тамызында сағат 10.00-ге дейін ЖӘОО-ның бақылау-өткізу пунктінде ілінеді.

Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ЖӘОО-ның кадрлар бөлімі оқуға қабылдау жылының 21 тамызында ЖӘОО бастығының бұйрығын шығарады.

62. ЖӘОО-ның оқуға түсушілер құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда мыналардың:

«Жас ұлан» мектептері бітірушілерінің;

әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің;

әскери қызмет өткеру уақытында қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілер балаларының басым құқықтары бар.

63. ЖӘОО-ға оқуға қабылданған,  қабылдау күні 18 жасқа толмаған оқуға түсуші және оның ата-анасы (олардың орнындағы адамдар) ЖӘОО-ның бастығымен білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасады.

64. ЖӘОО-ға оқуға қабылданған,  қабылдау күні 18 жасқа толған оқуға түсуші ЖӘОО-ның бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

65. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін ЖӘОО-ның бастығы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің  бастығы,                        ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы БҒД-ға оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына енгізу үшін өкілдер жөніндегі мәліметтерді  ұсынады.

66. ЖӘОО-ның бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы, ЖӘОО бастығының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.

67. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешім қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Тең дауыс болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

68. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясы төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

69. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші сол күні қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш жазады.

Хаттамамен ресімделген өтініш мәні жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

70. Оқуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 25 тамызына дейін оқуға түскендердің сауалнамалық мәліметтерін көрсете отырып БҒД-ға ұсынылады.

71. ЖӘОО-ның кадрлар органы 10 жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер жібереді.

 

 

4.     Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын

іске асыратын әскери оқу орындарына

қабылдау тәртібі

 

 

§ 1 параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына кандидаттарды оқуға іріктеу тәртібі

 

72. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу                                      орындары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) тиісті білім деңгейі бар офицерлер оқуға түседі.

Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасында және докторантурасында оқыту күндізгі оқу түрінде, оның ішінде қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, мынадай басқару деңгейлері бойынша жүзеге асырылады:

1) жедел-тактикалық басқару деңгейі;

2) жедел-стратегиялық басқару деңгейі;

3) стратегиялық басқару деңгейі.

Қашықтан білім беру технологиялары тек ғылыми және педагогикалық магистратура мен докторантурада  іске асырылады.

73. Оқуға қабылдау оқу жылының 15 ақпанына дейін БҒД әзірлейтін қабылдау жоспарына сәйкес жүргізіледі.

74. ҚР ҚМ, ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, бас басқармаларының, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің (әскер тектерінің) қолбасшылары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері Әскери кеңестердің (аттестаттау комиссияларының) отырыстарында кандидаттарды қарайды және іріктелген кандидаттардың тізімдерін ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне оқуға қабылдау жылының 15 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.

75. Ұлттық қорғаныс университетінде оқу үшін оқу түсушілерді алдын ала іріктеу қабылдау жоспары негізінде ҚР ҚМ Кадрлар департаменті (Ұлттық қорғаныс университетінің арнайы даярлық факультеті – 14776 әскери бөлімі) жүргізеді.

76. Ұлттық қорғаныс университетінде оқу үшін алдын ала іріктелген  оқуға түсушілердің тізімі оқуға түсу жылының 1 маусымынан кешіктірілмей БҒД-ға жолданады.

 

 

§ 2 параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

 

77. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге мынадай:

1)       жоғары білімінің болуы;

2)       батальон командирінің орынбасары және оған тең және жоғары әскери (мемлекеттік) қызметтегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы талаптары қойылады.

78. Стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейі бойынша бейіндік магистратураға түсушілерге мынадай:

1)       жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2)       бригада (база) командирі, құрама командирі, өңірлік қолбасшылық (әскер тегі) қолбасшысының орынбасары, ҚР ҚМ немесе ҚР ҚК Бас штабы департаменті бөлімінің бастығы, ҚР ҚК түрлері басқармасының немесе бас басқармасының бастығы, оларға тең және жоғары лауазымдарда әскери (мемлекеттік) қызметте кемінде екі жыл қызмет өткеруі талаптары қойылады.

 

79. Барлық басқару деңгейлері бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураға алдын ала іріктеуді жоғары білімі, ғылыми-педагогикалық қызметке бейімі және кемінде үш ғылыми жариялымы немесе бір оқу құралы бар оқуға түсушілер арасынан  БҒД жүзеге асырады.

80. Докторантураға жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білімі,
ғылыми-педагогикалық қызметке бейімі және кемінде бес ғылыми жариялымы немесе екі оқу құралы бар оқуға түсушілер қабылданады.

81. Ұлттық қорғаныс университеті қабылдау жылының 1 мамырына дейін ҚР ҚМ, ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелері, ҚР ҚК бас басқармалары, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бастықтарының, ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері (әскер тектерінің) қолбасшыларының, әскери бөлімдер (мекемелер) командирлерінің мекенжайына оқуға түсу емтихандарына шығарылатын сұрақтар тізбесі жіберіледі.

82. Оқуға түсу емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшін оқуға түсушілерге қабылдау жылының 20 шілдесінен кешіктірілмей оқу демалысы беріледі. Оқуға түсушілер Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдау жылының 31 шілдесінен кешікпей келуге тиіс. Оқуға түсетін жылының 25-31 шілдесі кезеңінде Ұлттық қорғаныс университетінде оқуға түсу емтихандары бойынша кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылады.

83. Ұлттық қорғаныс университетінің қабылдау комиссиясы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес оқуға түсушілер құжаттарының түпнұсқаларын тексереді.

84. Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру;

2) I кезең – қабылдау жылының 1 – 3 тамызын қоса алғандағы кезеңде өткізілетін кәсіби-психологиялық тестілеу;

3) II кезең – қабылдау жылының 1 – 3 тамызын қоса алғандағы кезеңде дене дайындығын тексеру (докторантурадан басқа);

4) III кезең – қабылдау жылының 4 – 10 тамызын қоса алғандағы кезеңде оқуға түсу емтихандарын қабылдау;

5) IV кезең – қабылдау жылының 11 – 20 тамызын қоса алғандағы кезеңде өткізілетін конкурстық іріктеу және  оқуға қабылдау.

85. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

86. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы Ұлттық қорғаныс университетінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді.
Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

87. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеру «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) белгіленген әскери қызметшілерге арналған дене дайындығы нормативтерді қабылдауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубымен бірлесіп өткізеді.

88. Алғашқы оқуға түсу емтиханы тестілеу түрінде, екінші оқуға түсу емтиханы жазбаша тапсырма түрінде өткізіледі. Емтихан сұрақтары Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекіткен бағдарламаларға сәйкес құрылады. Оқуға түсу емтиханына енгізілген пәндер тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.

Емтихан комиссиясы тестілеуді жүргізу үшін оқуға түсу емтихандары басталғанға дейін бір ай бұрын тест сұрақтарының базасын жасайды. Әр сұрақта тек бір дұрыс жауап бар 5 жауап нұсқасынан және қиындық деңгейлерінен (жеңіл, орташа немесе қиын) тұрады. Тест базасы кемінде
500 сұрақтан тұрады, әр нұсқасы 100 сұрақтан тұратын 5 немесе одан да көп нұсқа дайындалады. Әр нұсқа тең көлемдегі әртүрлі деңгейдегі жеңіл, орташа, қиын сұрақтардан тұрады. Тестілеу емтиханында барлық оқуға түсушілер дәрісханаларға бір уақытта отырғызылады. Отырғызу схемасы оқуға түсушілердің өзара сөйлесуге мүмкіндігін болдырмайды. Оқуға түсушінің жеке куәлігі өзімен бірге болуға тиіс. Дәрісханаға тек қалам алып кіруге рұқсат етіледі. Осыдан кейін әрбір оқуға түсушіге қабылдау комиссиясы мөр басқан сұрақ кітапшасы мен жауаптар парағын береді. Оқуға түсуші жауаптар парағына өз қолын қойып, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсетеді. Жауаптар парағын толтыру кезінде әр сұрақтың тек бір жауап нұсқасын белгілеуі қажет. Сұраққа әр дұрыс жауап 1 балға бағаланады. Екі немесе одан да көп жауап нұсқасы белгілеген жағдайда балдар есепке алынбайды. Тестілеуде максималды балл 100 балды құрайды. 100 балдық бағалау межесі бойынша бағаларды ауыстыру кестесі осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген. Тестілеуге 150 минут бөлінеді.

Бейіні бойынша жазбаша емтихан тестілеуден кейін екі күнтізбелік күннен соң билет жүйесі бойынша жүргізіледі. Әрбір билет барлық емтихан бағдарламасының екі теориялық сұрағын және бір практикалық тапсырмасын қамтиды. Емтихан 100 балдық меже бойынша бағаланады. Әр теориялық сұрақ максималды 30 балға, практикалық тапсырма 40 балға бағаланады. Емтихан бағасы жазбаша және ауызша жауаптың қортындысы бойынша қойылады. Емтиханға дайындалуға және тапсыруға берілетін уақыт 60 минуттан аспайды.

Қабылдау комиссиясы емтихан комиссиясының ұсынымы бойынша билеттердің үш жиынтығы жинақталған, олар пакеттерге салынады және қабылдау комиссиясы төрағасының мөрімен мөрленеді. Әр жиынтықтағы билеттер саны оқуға түсуші емтихан тапсырушылардың санынан кемінде                  20 %-ға артық болуға тиіс. Билеттер жиынтығындағы сұрақтар қайталанбайды. Емтихан басталар алдында емтихан тапсырушы оқуға түсушінің бірі мөрленген пакеттің біреуін таңдап, мөрінің бұзылмағанын, пакеттің ашылмағанын тексеріп, бәрінің көзінше пакетті ашады. Емтихан комиссиясы пакетті ашу хаттамасын толтырады. Емтихан тапсыратын дәрісханадағы емтихан тапсырушылардың саны 5 адамнан аспауға тиіс. Оқуға түсушілерге өздерімен бірге тек қалам алып кіруге рұқсат етіледі. Емтиханда отырғызу кезінде оқуға түсушілердің өзара сөйлесу мүмкіндігі болмауға тиіс. Пайдаланылған билеттер бір жаққа жиналып қойылады.

Оқуға түсу емтиханының тәртібін бұзған жағдайда оқуға түсуші емтиханнан шығарылады. Оқуға түсу емтихандарын қайтадан тапсыруға жол берілмейді.

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру нәтижелері келесі күнтізбелік күні екінші емтиханды тапсырғаннан кейін жарияланады.

Оқуға түсу емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша әр оқуға түсушіге хаттама толтырылады.

Қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсушілердің білімін бағалау құқығынсыз оқуға түсу емтихандарына қатысады.

Емтихандардың біреуінен қанағаттанарлықсыз баға алған оқуға түсуші кезеңнен өтпеген болып саналады.

89. Қабылдаудың үшінші кезеңінен өткен оқуға түсуші мамандығы бойынша  әртүрлі ведомстволар бойынша  орындарды бөлуді ескере отырып,  ең жоғары балдан ең төменгі балға дейін құрылатын рейтингіге сәйкес конкурстық іріктеуге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 11 тамызында өткізеді.

БҒД Ұлттық қорғаныс университетіне рейтингілік балды есептеу кестесін қабылдау жылының 1 тамызына дейін жібереді.

 90. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің бастығы, ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия  орталық спорт клубының бастығы қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін өз өкілдері жөніндегі мәліметтерді БҒД-ға ұсынады.

91. Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен мамандықтар бойынша  емтихан комиссияларының құрамы бекітіледі.

92. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Ұлттық қорғаныс университетінің бейіндік кафедрасының немесе факультетінің бастығы емтихан комиссиясының төрағасы болып табылады.

93. Емтихан комиссияларының құрамдары оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндердің оқытушыларын қамтиды.

94. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау жылының
30 шілдесіне дейін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кестесін қабылдау жылының 1 – 10 тамызын қоса алғандағы кезеңінде бекітеді.

95. Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңіне Ұлттық қорғаныс университетінде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның құрамы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен  бекітіледі.

Апелляциялық комиссиялар оқуға түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген оқуға түсушілердің өтініштерін қарау үшін  құрылады.

Апелляцияға өтініш беру апеллециялық комиссияның төрағасы атына оқуға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күнтізбелік күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады және сол күнтізбелік күні қаралады.

Апелляциялық комиссия әр оқуға түсушімен жеке жұмыс жасайды. Оқуға түсуші аппеляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия оқуға түсу емтиханының нәтижелерін апелляцияға беріп отырған оқуға түсушіге балдарды қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының басым дауыс беруімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда  комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасының және барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен рәсімделеді.

96. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы БҒД-ға жүргізілген қабылдау туралы есеп беруді ұсынады.

 

 

§ 3 параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылдау тәртібі

 

Ұлттық қорғаныс университетіне мамандығы бойынша бірінші нөмірден бастап әртүрлі ведомстволар бойынша бөлінген орындарды ескере отырып, қабылдау жоспары бойынша мамандыққа бөлінген орындардың тиісті санының нөміріне дейінгі рейтингідегі оқуға түсушілер қабылданады.

Қабылдау комиссиясының шешімі Ұлттық қорғаныс университетінде қабылдау жылының 12 тамызында сағат 10.00-ге дейін ілінеді.

Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті қабылдау жылының                         20 тамызына дейін  Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірлейді.


Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға  қабылдау қағидаларына 1-қосымша

 

 

Мектепке түсуге ұсынылатын құжаттар тізбесі

 

1. Өтініш (өтініште тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, оқуға түсушінің тұрғылықты жерінің мекенжайы,
ата-анасының байланыс деректері);

2. Туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. Негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

4. 3х4 көлемді 4 фотосурет (қағаз конвертте);

5. Медициналық құжаттар және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық зерттеулер нәтижелері:

1) тұрғылықты жері бойынша медициналық мекеменің мөрімен расталған, антропометрикалық енгізілген деректері (бойы, салмағы, кеудесінің, белінің, жамбасының, басының өлшемі) және  мынадай мамандардың тексеру деректері мен қорытындылары бар «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/У нысаны бойынша анықтама:

педиатр/терапевт;

офтальмолог;

отоларинголог;

невропотолог;

хурург;

стамотолог;

2) тұрғылықты жері бойынша медициналық мекеменің мөрімен расталған оқуға түсушінің денсаулық жағдайы және сырқаттары туралы амбулаторлық картасынан үзінді көшірме (№ 907 бұйрық). Егер оқуға түсуші қандай да бір сырқатпен диспансерлік есепте тұрған болса, үзінді көшірмеде оның  диспансерлік есептен шығарылғаны туралы деректер көрсетілуі қажет.

Үзінді көшірмеде, медикаментоздық құралдар мен басқа да заттарды қабылдай алмау (жоғары сезімталдығы), сондай-ақ ауырған инфекциялық аурулары туралы мәліметтер көрсетіледі;

3) амбулаторлық картасын (№ 907 бұйрық) оқуға түсуші құжаттарды тапсыру кезінде өзі ұсынады;

4) профилактикалық егулер туралы мәліметтер (№ 907 бұйрық);

5) жалпы қан талдауы (қабылдау жылының 15 шілдесінен кешіктірілмей тапсырылуға тиіс);

6) несеп талдауы (қабылдау жылының 15 шілдесінен кешіктірілмей тапсырылуға тиіс);

7) гельмин жұмыртқасына және Д-тобына үлкен дәрет талдауы;

8) қалыпты жағдайдағы (жүктемеден кейінгі – көрсеткіштер бойынша) ЭКГ;

9) медициналық куәландырылған күнге дейін кемінде үш айдан ерте емес, яғни қабылдау жылының 15 мамырынан ерте емес кеуде қуысы органдарының тура және оң жақ бүйірінің проекцияларында рентген үлдіріне түсірілген флюрографиялық зерттеу;

10) қабылдау жылының 15 шілдесінен ерте емес рентген үлдіріне түсірілген мұрын кеңсірігінің үстіңгі қабат рентгенографиясы;

11) мерез ауруына микропреципитациялық реакциясы (микрореакция).

6. Білім беру мекемесі директорының мөрі бар ұсыным хат.

7. Спорттық дәрежесін, ағымдағы жылы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурстарындағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ  ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).

8. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі.

 

 

 

 

 

 

 

 


Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға  қабылдауқағидаларына

2-қосымша

 

 

 

Ата-анасының қамқорлығында болмауы дәйегін растайтын құжаттар 

 

1.     Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктер.

2.    Сот шешімі (ата-анасын ата-ана құқықтарынан шектеу немесе одан айыру туралы, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе ақыл-есі дұрыс емес (ақыл-есі шектеулі) деп тану туралы), сырқаттары туралы анықтама.    

3.    Ата-анасының іздестіруде екенін және ата-анасының жоқ екенін немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоқ болуын растайтын басқа да құжаттар.

 

 

 


Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне

ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға қабылдау қағидаларына

3-қосымша

           

 

Ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін

растайтын құжаттар

 

1. Қызметтегі әскери қызметшілердің балалары үшін – мекеменің кадрлар органынан анықтама.

2.  Запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшілердің балалары
үшін – тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттен (басқармадан) анықтама.

3. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде мүгедектік алған   қызметтегі әскери қызметшілердің балалары үшін – мекеменің кадрлар органынан анықтама.

4. Әскери қызмет міндеттерін  атқару кезінде қаза тапқан, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары үшін – тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттен анықтама.


Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға  қабылдауқағидаларына

4-қосымша

 

 

Кадет корпусына және ЖӘОО-ға түсу үшін құжаттар тізбесі

 

1. Өтініш (өтініште тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, оқуға түсушінің тұрғылықты жерінің мекенжайы,
ата-анасының байланыс деректері көрсетіледі).

2. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).

3. Әскери билет (тек әскери қызметшілер түпнұсқасы және көшірмесі).

4. Білімі туралы құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі).

5. Мынадай пәндер бойынша кемінде 50 балл тестілеу нәтижелері бар Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе талапкерлерді кешенді тестілеу (бұдан әрі – ТКТ) сертификаты (Кадет корпусына оқуға түсетіндерді қоспағанда): мемлекеттік немесе орыс тілі бойынша (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдауы бойынша пән (физика, география, дүниежүзілік тарих, химия, биология, шет тілі), оның ішінде бейіндік пән бойынша (математика) кемінде 10 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде
4 балл.

6. Әскери оқу орнына түсуші азаматтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Әскери-дәрігерлік сараптама  жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 373 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматты медициналық куәландыру картасы.

7. Сотталмағандығы туралы анықтама.

8. Спорттық дәрежесін, ағымдағы жылы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурсындағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ  ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).

9. Жеке ісін ресімдеу үшін қағаз папка және екі түссіз файл.

10.  Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері.

11.  3х4 көлемді төрт фотосурет.

 

 

 

 

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға  қабылдау қағидаларына

5-қосымша

 

 

Кадет корпусы қабылдау комиссиясы шешімінің нысаны

 

Комиссия құрамы:

Комиссия төрағасы:

Комиссия төрағасының орынбасары:

Комиссия мүшелері:

Комиссия хатшысы:

Кадет корпусына оқуға түсу үшін кандидаттарды қабылдау жөніндегі өз отырысында зерттеп қарастырды және қаулы шығарды:

Р/с №

ТАӘ

Туған күні, айы, жылы,

Ұлты

Отбасы құрамы

Алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу

Дене дайындығы

Медициналық куәландыру

Тестілеу (ҰБТ, ТКТ)

Бонустық балл

Рейтингілік балл

Қабылдау комиссиясының шешімі

Ескертпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

қабылданды –

бас тартылды –

бас тартты –

 

Қабылдау комиссиясының төрағасы:

Қабылдау комиссия төрағасының орынбасары:

Қабылдау комиссиясының мүшелері:

Қабылдау комиссияның хатшысы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға қабылдауқағидаларына

6-қосымша

 

 

Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты).

2. Офицердің жеке  куәлігі.

3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның  қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама. 

4. Ү-45 нысандағы анықтама (әскери оқу орындарына  оқуға түсушілер үшін анықтама  «Қызмет бабында пайдалану үшін» шектеу белгісінсіз жасалады және келесі бетінде бөлім командирінің қолымен және елтаңбалық мөрмен расталады, құпия емес іс жүргізу бөлімінде тіркеледі және тіркеу журналына қол қою арқылы беріледі).   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға қабылдау қағидаларына

7-қосымша

 

 

Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу

емтихандарына шығарылатын пәндер

тізбесі

 

Р/с

 

Пәндер атауы

Өткізу түрі

Магистратура

жедел тактикалық басқару деңгейі

1.

Жалпыәскери пәндер (жалпы тактика, жалпыәскери  жарғылар), шет тілі, жоғары математика бойынша тестілеу

 

тестілеу

2.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша -жазбаша

Магистратура

жедел-стратегиялық,  стратегиялық басқару деңгейі

1.

Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы басшылық құжаттарды, шет тілін білуге тестілеу

тестілеу

2.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

Докторантура

1.

Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы басшылық құжаттарды білуге тестілеу

тестілеу

2.

Бейіні бойынша емтихан

ауызша-жазбаша

 

 

 

 


 

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға  қабылдау қағидаларына

8-қосымша

 

 

Бағаларды 100 балдық бағалау межесі бойынша аудару кестесі

 

100 балдық бағалау межесі

4 балдық бағалау межесі

95-100

Үздік (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)