Авторландыру

Логин:
Құпия сөз:

Егер сіз әлі тіркелмесеңіз тіркеу нысанына өтіңіз

Қалаулыға қосу
 
Ұлттық қорғаныс университеті бастығының блогі

Сурет галереясы

ОТКРЫТИЕ НОВОГО КОМПЛЕКСА НАЦИОНАЛЬНОГО УНИВЕРСИТЕТА ОБОРОНЫ В г. АСТАНЕ
Международное сотрудничество
Официальный визит депутатов Парламента во главе с Даригой Назарбаевой в Национальный университет обороны
ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ Черезвычайный и Полномоченный Посол Китайской Народной Республики в РК с лекцией на тему «Общая ситауция в мире и сегодняшнее развитие Китая», 2018 г.
генерал-лейтенант А.П ЛАПИН Командующий войсками Центрального военного округа Вооруженных Сил Российской Федерации лекция на тему: «Планирование и результаты операции Военно-космических сил России в Сирийской Арабской Республике», 2018 г.
вице-адмирал БЕН БЕККЕРИНГ Военный представитель Нидерландов в НАТО и ЕС лекция на тему «Опыт Нидерландов по участию в миротворческих операциях НАТО и ООН», 2017 г.
генерал-лейтенант ЧАРЛЬЗ БРАУН Заместитель командующего ЦЕНТКОМ США визит с лекцией на тему: «Опыт операций Центрального Командования США», 2017 г.
Л.Г. ИВАШОВ Президент Академии геополитических проблем, действительный член Академии национальной безопасности РФ, доктор исторических наук, профессор кафедры международной журналистики Московского государственного института международных отношений
генерал-лейтенант МАЙКЛ ГАРРЕТ Командующий Сухопутным компонентом Центрального командования ВС США с лекцией на тему «Планирование мультинациональных военных операций», 2016 г.
С.Ф. ВИКУЛОВ Президент Академии проблем военной экономики и финансов прочитал лекцию на тему «Военная экономика», 2016 г.

Бейнематериалдар

Фильм о Национальном университете обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

Оқу-әдістемелік жұмысы

Университеттің оқу-әдістемелік басқармасы жоғары оқу орнының оқу және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады, университеттегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды.
Оқу -әдістемелік басқарма:

  • оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінен;
  • білім беру сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінен;
  • әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінен;
  • офис-тіркеу қызметінен тұрады.

Оқу-әдістемелік басқармасына жүктеледі:

  • басқа бөлімдермен, факультеттермен және кафедралармен бірлесіп оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары), оқу бағдарламалары жобаларын, оқу сабақтарының кестесін және оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау бойынша басқа да құжаттарды әзірлеу;

  • үлгерімді есепке алу және талдау, оқу сабақтарын ұйымдастыру және барлық түрлерін, білім беру тиімділігін және білім алушылардың даярлығы сапасын арттыру бойынша іс –шаралардың бақылануын есепке алу;

  • оқуға түсу емтихандарын, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру, бітіріп шығу құжаттамаларын даярлау және оны тапсыруды есепке алу;

  • әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

  • оқытушы құраммен оқу жүктемесін орындауды есепке алу;

  • офицер құрамының кәсіби даярлығын, профессорлық-оқытушылар құрамын дайындау және біліктілігін арттыру іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлау және бақылау;

  • оқу-материалдық базаны дамыту мен жетілдірудің перспективалы және жылдық жоспарларын факультеттермен, кафедралармен, бөлімдермен, қызметтермен бірлесіп әзірлеуге қатысу. Оқу-тәрбие үрдісін оқулықтармен, оқу құралдарымен және қызметтік құжаттамалармен қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру. Аудиторияларды, оқу сыныптарын, зертханаларды және басқа да оқу-материалдық базаның нысандарын пайдалануды жоспарлау.

Оқу-әдістемелік жұмыс келесі бағыттардан тұрады:

  • Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары жіктегішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

  • оқу-тәрбие үрдісіне заманауи оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды және автоматтандырылған оқыту жүйесін, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін, ақпараттық-кітапхана жүйесін енгізу;

  • оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, үлгілік оқу бағдарламаларының жобаларын дайындауға қатысу;

  • оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды, сонымен бірге электронды тасымалдағыштарды және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

  • озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, білімді ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

  • дидактикалық әдістемелік, оқу-материалдық оқу құралдарын әзірлеу және енгізу;

  • оқу-әдістемелік құжаттамаларды жаңа оқыту технологиялары бойынша әзірлеу және енгізу;

  • әскери мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын біріздендіру бойынша ұсыныстар енгізу;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларын сараптан өткізу;

  • білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әсерін талдау;

  • тест тапсырмалары мен білім алушылардың білімдерін бақылаудың басқа да түрлерін әзірлеу және сараптан өткізу;

  • білім беру үдерісінің оқу әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;

  • білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

  • оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сапасын талдауды жүргізу;

  • оқыту сапасын, білім алушының оқу жетістіктері деңгейін талдау;

  • оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, мәжілістер ұйымдастыру және өткізу;

  • бейінді, дайындық және мүмкіндік деңгейлерін ескере отырып, білім алушылардың жыл сайынғы құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

  • оқытудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін оқыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті ТМД елдері жоғары әскери оқу орындарының арасында «магистратура-докторантура PhD» бағдарламалары бойынша кредиттік оқыту технологиясына бірінші өтті.

Кредиттік оқыту технологиясын енгізу оқу-әдістемелік құжаттамалар кешенін, жаңа үлгідегі оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын әзірлеу идеологиясын қайта құру негізінде қол жеткізілді.

Соңғы жылдары оқытушылар республика ЖОО-ларының ғалымдарымен, әскерлердің мамандарымен бірлесіп, білім беру практикасына жаңа үлгідегі мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеп енгізді, инновациялық білім беру технологиясы мен қазіргі талаптарды енгізуді ескере отырып, қазіргі таңда олар мамандарды жоғары сапамен даярлауды қамтамасыз ету бағытында жетілдірілуде. Магистратура мамандықтары бойынша барлығы - 7 МЖМБС, Ph.D докторантура бойынша-1, пәндердің 10-нан аса үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті соңғы үш жылда оқу үрдісінде пайдалануға 30-дан аса оқу және оқу-әдістемелік әдебиет ұсынды.

Кредиттік оқыту технологиясының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық база кеңейтілді және жетілдірілді. Электрондық пошта, тіркеу офисінің бағдарламалары , электрондық құжат айналым бағдарламалары жасалды