Авторландыру

Логин:
Құпия сөз:

Егер сіз әлі тіркелмесеңіз тіркеу нысанына өтіңіз

Қалаулыға қосу
 
Ұлттық қорғаныс университеті бастығының блогі

Сурет галереясы

ОТКРЫТИЕ НОВОГО КОМПЛЕКСА НАЦИОНАЛЬНОГО УНИВЕРСИТЕТА ОБОРОНЫ В г. АСТАНЕ
Международное сотрудничество
Официальный визит депутатов Парламента во главе с Даригой Назарбаевой в Национальный университет обороны
ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ Черезвычайный и Полномоченный Посол Китайской Народной Республики в РК с лекцией на тему «Общая ситауция в мире и сегодняшнее развитие Китая», 2018 г.
генерал-лейтенант А.П ЛАПИН Командующий войсками Центрального военного округа Вооруженных Сил Российской Федерации лекция на тему: «Планирование и результаты операции Военно-космических сил России в Сирийской Арабской Республике», 2018 г.
вице-адмирал БЕН БЕККЕРИНГ Военный представитель Нидерландов в НАТО и ЕС лекция на тему «Опыт Нидерландов по участию в миротворческих операциях НАТО и ООН», 2017 г.
генерал-лейтенант ЧАРЛЬЗ БРАУН Заместитель командующего ЦЕНТКОМ США визит с лекцией на тему: «Опыт операций Центрального Командования США», 2017 г.
Л.Г. ИВАШОВ Президент Академии геополитических проблем, действительный член Академии национальной безопасности РФ, доктор исторических наук, профессор кафедры международной журналистики Московского государственного института международных отношений
генерал-лейтенант МАЙКЛ ГАРРЕТ Командующий Сухопутным компонентом Центрального командования ВС США с лекцией на тему «Планирование мультинациональных военных операций», 2016 г.
С.Ф. ВИКУЛОВ Президент Академии проблем военной экономики и финансов прочитал лекцию на тему «Военная экономика», 2016 г.

Бейнематериалдар

Фильм о Национальном университете обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

Әуе қорғанысы күштерінің кафедрасы

DSC_0387.JPG

Әуе қорғанысы күштері кафедрасының бастығы

әскери ғылымдар кандидаты

полковник Керімбаев Бақытжан Мүсірәлиұлы

«Әуе қорғанысы күштері» кафедрасы 2014 жылы Астана қ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 тамыздағы №1/14/1/1 қбпү бұйрығына сәйкес, әуе қорғанысы күштерінің құрамалары мен бөлімдерін басқарудың оперативтік-тактикалық (тактикалық) буынының магистранттарын 6М100300 «Әскери және әкімшілік басқару (Әскери-әуе күштері және Әуе шабуылына қарсы қорғаныс білім беру бағдарламалары бойынша)» мамандығы бойынша оқыту және дайындау мақсатында құрылды.

Кафедраның арналуы, мамандандырылуы:

Әуе қорғанысы күштері кафедрасының негізгі арналуы зерделеу және жалпылап қорыту және оқу үрдісіне енгізу болып табылады:

  • соғыстар мен қарулы жанжалдардағы операциялар (жауынгерлік іс-қимылдар) барысында және дайындық кезінде, сондай-ақ әскерлер мен штабтардың оперативтік-тактикалық дайындығы мен жауынгерлік дайындығының тәжірибесінде Әуе қорғанысы күштері әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін басқару тәжірибесін;
  • ӘӘК және ӘШҚҚ жүйесін жетілдіру және дамыту бағыттарын, заманауи қарулы күрестерді жүргізу құралдары, нысандары мен тәсілдерін ескере отырып, басқарудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін, ғылымның жаңа жетістіктері мен даму перспективаларын және жаңа техникалық басқару құралдарын қолдану;
  • жауынгерлік жағдайларда және әскерлердің күнделікті әрекетінде Әуе қорғанысы күштері әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін басқарудың теориялық негіздерін шығармашылықпен епті қолдана білетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің жеке құрамымен оперативтік-тактикалық және жауынгерлік дайындық бойынша сабақты дұрыс ұйымдастырып, өткізе білетін әскери мамандарды дайындау.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Заманауи жалпыәскери ұрыс пен операцияда Әуе қорғанысы күштері әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін басқару саласында Қарулы Күштер үшін білімге, ептілік пен дағдыға және офицерлік кадрлардың кәсіби қасиеттеріне ие жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.

  • ӘҚК әскерлерінің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға, әскери теорияны дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер орындау.

  • Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды әзірлеу және басып шығару.

  • Университеттің оқу бөлімімен және кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, мамандарды дайындаудың құрылымдық-қисынды сұлбасын және оқу сабақтарының кестесін әзірлеуге қатысу.

Кафедрада келесі пәндер зерделенеді:

1. ӘӘК дайындау бағдарламасы бойынша:

  • жалпы әскери ұрыс пен операцияда авиацияны қолдану;
  • ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК құрамалары мен бөлімдерінде ұшу дайындығын ұйымдастыру:
  • ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік әрекеттерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету.
  • ӘӘК құрамалары мен бөлімдерінің жауынгшерлік дайындығын ұйымдастыру және әдістемесі;
  • ұшулар қауіпсіздігі.

2. ӘШҚҚ дайындығы бағдарламасы бойынша:

  • бейбіт уақытында әскери ӘШҚҚ бөлімшелерін және бөлімдерін басқару;
  • әскери ӘШҚҚ құрамалары мен бөлімдеріндегі әуе қарсыласын және РЭК барлау;
  • әскери ӘШҚҚ құрамаларын, бөлімдерін және штабтар қызметін басқару;
  • ӘШҚҚ әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерін атыспен басқару;
  • ұрыс пен операциядағы ӘШҚҚ.
  • ПВО в бою и операции.